Ринат Зайытовтың бір ауыз сөзі көп заттың бетін ашып кеткендей. Депутаттың сөзінен кейін, Балғынбек Имашев видеоүндеу жолдап, кешірім сұрауды талап еткен. Оны жақтап, Нұртас Адамбай да қосылған еді. Таңмен таласып сайрап жыр жазып еді, өзінің арты қуыс болған соң шамына тиіп кеткен-ау, сірә.
Балғынбек Имашев халықты қалай алдап жүр?
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек белгілі айтыскердің бетін ашты. Ол өзінің парақшасында Балғынбек Имашевке қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етті.
Одан бұрын да заңгер парақшасында мынандай жазба қалдырған:
Балғынбек Имашевті шақырыңдаршы бері қарай, фактімен қойып берейін!
Өзіне көп алмасын, Аманаттан әлі ақшаларын ала алмай жылап жүргендер бар!
Бәрінің арызын жинап, қозғайтын болсам, алаяқтық бабымен қамалып шығады!
“Аманат хоум”, салымшылары жаппай арыз жазып, көмек сұрап келеді екен. Алайда полиция іс қозғамапты.
Балғынбек Имашев сізге сеніп ақша салған денеңіздің бөлшектеріне ақшаларын қайтарып беріңіз жылатпай, ұят болады!
Мына видеодан кейін намаз оқитындар алдамайды дегенге сенесіңдер ме?
ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігі, қылмыстық істі неге қозғамай отырсыздар? Міндетті түрде халық өзін өртеуі керек пе? Бәрі арыз жазған екен, іс қозғалмай тұр деп жазып жатыр. Жылдам қозғап жіберіңіздер, Балғынбек ағамыз арнауын сот залында айтсын.
- Бұл ағам депутат болмағанына рақмет, халықты таза тақырға отырғызып кетер еді.
- Ринатты құзға құлатамын деп, өзіңіз құлайын деп тұрсыз.
- Біреудің мінін тергенше,өз бойыңыздағы қателіктермен айналысыңыз!
- Балғынбек күшті болса кеше домбыраны қорлағандарға қарсы шығып өлең неге шығармаған.
- Ринат Зайытовқа арналған арнауын,демек ол Балғынбек мырзаның былығын біледі,ол сол себепті намазхандар деп айтты демек, — деп жазыпты оқырмандар.
Айта кетейік, «Adyrna» ұлттық порталына берген сұхбатында Ринат Зайытов «Қазақстанда жасалып жатқан алаяқтықтардың 80 пайызын жасап отырған қауым — намаз оқитындар, деп мәлімдеп, басы дауға қалған еді.