Депутат Жарқынбек Амантайұлы тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны әйелдерді де жауапқа тартып, қамауға алу керек дейді. Осылайша гендерлік саясат пен ажырасуға тыйым саламыз деп сенеді-мыс.
Осы тұжырымға келуіне не түрткі болды екен? Қылмыскерді жасалағанда, жәбірленушінің қандай кінәсі бар? Күйеуінен таяқ жеген әйелдің бала-шағасына кім қарайды? Егер бұл заң қолға алынса, ертең бүкіл еркек мені араңдатқан – әйел деп шығады емес пе?
Біздің халық «сандырақтаудан» жарысады ма, қалай? Мәселе шешетін депутаттар мынау, ақшаға тойымсыз шенеуніктер анау.
БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 400-ден астам әйел жолдасының қолынан қаза табады. Былтыр денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіру баптары бойынша 794 қылмыстық іс қозғалған.
Жарқынбек Амантайұлы тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдерді де «кінәлі» деп танылған еркектермен тек дәрежеде қамау керектігін айтты. Оның сөзінше еркектер «намысшыл», қамаудан босап шыққан соң қайтадан бір шаңырақ астында тұра алмайды.
Қазақта ұят деген болса, әйел адамға қол көтерген еркектің ұяты қайда?
Депутаттың ұсынысынан ұққанымыз, жауапкершілікке екеуін бірдей алу керек. Яғни, 15 тәулікке қамалған күйеумін бірге, әйелін де қамау керек.
Сіздер не ойлайсыздар?