Натали Портман 20 мамырда өткен Канн кинофестивалі — 2023-те өзінің бейнесімен таң қалдырды. 76-шы Канн кинофестивалінде актриса басты рөлді сомдаған «Мамыр, желтоқсан» фильмінің премьерасы өтті.

41 жастағы Портман «Юнона» көйлегінің көшірмесін киіп келді. Бұл әйгілі модельді 1949 жылы Кристиан Диор Haute Couture күз-қыс топтамасы үшін жасаған.

Атап өтерлігі, киімнің түпнұсқасы Метрополитен өнер мұражайында сақталған, ал алғаш рет оны 40-шы жылдардың соңында көпішілікке Алла Ильчун киіп көрсеткен.

Алла Ильчун Қытайдың Харбин қаласында дүниеге келген. Оның әкесі – қазақ Қуантхан Елшін, анасы – орыс опера әншісі Тамара Михайлова. Алла Кристиан Диордың басты музаларының бірі, Dior-дың нағыз інжу-маржаны болды. Ол еуропалық сән әлеміндегі алғашқы азиялық модель болды.
