Бұл туралы Түркиядағы жойқын жер сілкіністерін болжаған голландиялық сейсмолог Фрэнк Хугербитс мәлімдеді.
Ғалым жұмыс істейтін Solar System Geometry Survey (SSGEOS) ғылыми институтының хабарламасында 2 және 5 наурыздағы планеталардың жақындауы өте үлкен сейсмикалық белсенділікке әкелуі мүмкін делінген.
Жер сілкінісі 3-7 наурыз аралығында болуы мүмкін. Магнитудасы — 8,5 және одан жоғары.
Институт сонымен қатар қызыл аймақ деп аталатын аймақтарды атады: бұл Жапонияның оңтүстігі, Индонезия, Пәкістан, Греция, Португалия және Солтүстік Американың бір бөлігі.
Хугербитс Курил аралдарында да жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деп санайды.