20 мыңдық купюра Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесімен шығарылған еді.
Ұлттық банк 20 мыңдық купюраның айналымда қалуы туралы мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 20 000 теңге номиналындағы мерейтойлық банкнот заңды төлем құралы болып қала береді.
Бұл банкноттар төлемдердің, банк операцияларының және аударымдардың барлық түрлері бойынша басқа естелік банкноттар сияқты қабылдануға міндетті. Банкноттар табиғи тозуына қарай ақша айналымынан алынады. Мерейтойлық және естелік банкноттар бойынша айналым мерзімі белгіленбейді,
деп хабарлады Ұлттық Банк.
1 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі жаңа дизайндағы 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарды. Банкноттың 25 қорғаныс элементі бар, мөлшері – 155х79 мм және сұр түске басымдық берілген.