Мәжіліс төрағасы Қазақстандағы «қос билікті» жоққа шығарып, барлық шешімді жеке дара Тоқаев қабылдайтынын айтады.
Азаматтарға алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Қазір қос билік жоқ және болуы да мүмкін емес. Барлық шешімдерді халықтың басым көпшілігі дауыс берген мемлекет басшысы Тоқаев қабылдайды,
деді Қошанов.
Оның сөзінше, экс-президент Назарбаев мемлекеттік істерге араласпайды. Ал оның Ресей басшысы Путинмен кездесуі — жеке мақсаттағы кездесу.
Зейнетке кеткен Назарбаев кейінгі кезде саяси алаңда жиі көрініп жүр. Жеке өмірі туралы кітап шығарды, Астана клубының отырысына қатысты, Мәскеуде Путинмен кездесті.
Біреу Назарбаев билікке қайтып оралмақ десе, біреу келесі президент сайлауына дайындалып жатыр дейді.