Қазір «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.
ҚР Парламенті депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы шеңберінде қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде қорлау және өзге де қолсұғушылық (сондай-ақ, оның бейнелерін қорлау, оның заңды қызметіне кедергі жасау), кепілдіктерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарланып отыр.
Түзетулер қашан күшіне енетіні туралы айтқан депутат Парламент активтерді қайтаруға қатысты заң жобаларының барлық пакетін қабылдаған кезде бұл нормалар да алынып тасталатынын атап өтті.
Еске салайық, ақпан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев экс-мемлекет басшысына артықшылықтар берген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңның күшін жою туралы жарлыққа қол қойған болатын.