Үндістанның Махараштра штатында автобус өртеніп, соның салдарынан кем дегенде 25 адам қаза тапты.
Қайғылы оқиға 1 шілдеде, яғни бүгін түнде болған.
Мәліметтерге сәйкес, түнгі сағат 02:00 шамасында ішінде 32 адам отырған автобус Яватмал қаласынан Пунаға қарай кетіп бара жатқан.
Полицияның хабарлауынша, автобус жүріп бара жатқанда белгісіз себептермен өрт шығып, салондағы 25 адам тірідей өртеніп кеткен.
Қалған зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталып жатыр.