Мұқият қарасаң роботты адам деп қаласың. Жасанды интеллект негізінде жасалған алғашқы виртуалды жүргізушіге Лиза деген ат берген. Ол отандық Odisha TV арнасында спорт жаңалықтарын, ауа райы болжамы мен жұлдыз жорамалды оқиды.
Жасанды интеллект заманауи өмірде кең қолданыла бастады. Ол Азия елдерінде жылдам дамып барады.
Бұған дейін India Today Group компаниясы ЖИ Sana жаңалықтар жүргізушісін таныстырды. Ол ағылшын, хинди және бангла тілдерінде жаңалықтарды оқып, басқа тілшілермен бірге 75 тілде бағдарламалар жүргізе алады.
Кувейтте де жасанды интеллект негізінде жасалған алғашқы виртуалды жаңалықтар жүргізушісі пайда болған. Оған жергілікті тілден аударғанда «күміс» деген мағына беретін Федха есімі берілді.
Жасанды интеллект жемісін 1961 жылы құрылған Парсы шығанағындағы алғашқы күнделікті ағылшын тіліндегі газеттің Kuwait Times атты веб-сайтынан көруге болады.
Федхидің алғашқы 13 секундтық видео-хабарламасы әлеуметтік желілерде біраз пікірталас тудырып, көрерменнің көзайымына айналды.