Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа «Неге қазақ мектепте рінде балалар орыс тілін үйренуге міндетті?» және «неге басқа тілдер түріндегі баламасы жоқ?” деген сұрақтар қойылды.
Министр мектептердің мемлекеттік стандарты бойынша қазақ және орыс тілдерін үйренуі міндетті екенін түсіндірді.
Мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламасы бар, барлық қазақстандық мектеп осы қағидалар бойынша жұмыс істейді. Тілдерді дамыту өте маңызды. Қазақ тілін білуді арттыру және басқа тілдерді оқыту сапасын арттыру қажет. Біздің балалар неғұрлым көп тіл білсе, олардың бәсекеге қабілеті соғұрлым жоғары болады. Біз қазір қазақ, орыс тілдерінде сөйлейміз, балаларымыз тіл үйренуден айырылмауы керек,
деп жауап берді министр