Мысыққа деген ерекше махаббат исламда үлкен орын алатынын білетін шығарсыздар. Барлық жануардың ішінде тек мысыққа ғана мешітке кіруге рұқсат, мысық «дәрет алғанда» оны мазаламау керек дейді. Пайғамбардың сахабасы абу Хурайра әрдайым жеңінде мысық алып жүретіндіктен, оған берілген аты «мысықтардың әкесі» деп аударылады.
Түркия сол араб-парсы мәдениетіне жақын халық, ол елде болғандар көшедегі мысықтардың жағдайын көрген боларсыздар.
Бұл, негізі, өте қызық, себебі мысықтарды бұлай көтермелеу исламға дейін де болған, яғни бұл діни емес, халықтық ерекшелік.
Бұл мысық культі көне мысырдан бері келе жатқан сияқты. Ол заманда мысықтарды құдай санағанын білесіздер. Шынымен солай мекен?
Бір қызығы – ата-бабамыз түркілер де мысықты жиі үй жануары ретінде асыраған. Жерімізде тіпті 7-8 ғ. жататын мысық жерленген кішігірім «бейіттер» да бар.
Көшпенділер пайдасын тигізбейтін жануарды асырамаған, бірақ мысықтан киіз үйде дым пайда болмаса да, оны асырап, кәдімгідей құрметпен жерлеген екен.
Біздің ата-бабамыз асыраған Ұлы Дала мысықтары: қамыс мысығы, дала мысығы, шөл мысығы.
Ата-бабамыз аңшылық үшін асыраған мысықтар да бар. Олар – қарақал және азиялық қабылан (гепард).
Екеуін де Патша үкіметі 20 ғ. қазақ жерінен жойып жіберді.