Танымал тарихшы Радик Темірғалиев танымал қазақ салттарының бірі туралы сұраққа жауап берді.
Темірғалиев өзінің телеграм-арнасында «сәлем беру» салты Қазақстанның тек оңтүстігінде таралған деген тұжырым дұрыс па – соны анықтап көруге тырысты.
Сөзбе-сөз:
Солтүстіктегілер «сәлем беруді» 100 жыл бұрын ұстанған.
«Шын мәнінде солтүстік тұрғындар бұл салтты ХХ ғасырдың басына дейін ұстанып келген.
Орта жүз қазақтарының арасында келіннің күйеу жігіттің үлкен туыстарымен кездесуі былай сипатталған: «Қандай да бір ерекше жағдайларда, ол оларға бір тізесін бүгіп, басын еңкейтіп, екінші тізесіне қолдарын айқастырып, құрмет көрсетеді» («Семей облысы қырғыздарының әдет-ғұрыптары», 1878 жыл).
Кіші жүзде бұл рәсім келесідей жасалған: «Тұрмысқа шыққан әйелдердің еркектерге сәлем беруі бір тізе бүгіп, көйлектің жеңімен оң жақ иектен жоғарыдан төмен қарай сырғытудан тұрады – бұған ерлер басын сәл изеп, «көп жаса» деп тілек білдіріп, жауап берген» (Л. Баллюзек. «Кіші Қырғыз ордасында бұрын болған және қазір де ішінара орындалып жүрген, заң күші әдет-ғұрыптар», 1871 ж.).
Сондықтан «сәлем беруді» аймақтық дәстүр деп айтуға болмайды. Бұл ұлттық салт-дәстүр.
Бірақ «сәлемді» келіндер күніне бірнеше рет берген деген орынсыз. Бұл өте сирек болатын.
Келінмен артық байланысуға болмайтын
Мәселе мынада, қайын аталар мен егде жастағы ер адамдар келінмен барынша аз байланысуға тырысатын. Дала этикеті осыны талап ететін. Үлкен ағасының әйелі – жеңгемен қалағаныңша әзілдесіп, көңіл көтеруге болатын еді, бірақ кіші туысының немесе ұлының әйелі – келінмен – жай сөйлесуге тыйым салынды. Болмайды. Сондықтан, атасы мен келінінің ойнас болуы қазаққа таңсық еді. Тыйымды бұзған Қодар мен Қамқа осы үшін өлім жазасына кесілген болатын.
Қайын атасы мен келіні көрші ауылда бетпе-бет кездесіп қалып, бір-бірін танымай қалғаны туралы әзілдер де осыдан туған. «Күйеуінің ауылына келгеннен кейін қалыңдық қайын атасы мен қайын енесінің алдарынан өтетін. Бұл кезде оның беті жабық тұрады және «келін көрімдік», яғни қалыңдықты көрсету рәсімі орындалғаннан кейін бір сәтке ашылатын… Содан бері келін мен қайын ата кездесіп қалмауға тырысатын, тіпті ұзақ жыл бір ауылда тұрып келіп, келінін танымайтындар да болатын, — делінген «Қырғыздардың құқықтық әдет-ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарда».
Қорытынды өздігінен сұранып тұр.
«Сәлем берудің» сенімді жақтаушылар осы екінші дәстүрді де есте сақтап, келіннің көзіне барынша аз түсуді де ұстанса дейсің.