Осыдан үш жыл бұрын пандемиялық дағдарыс кезінде осындай шешім қабылданған еді. Ол сол кезде халықты қолдауға бағытталған Үкіметтің бастамасы ретінде қарастырылды.
Бұған дейін «несиелік демалыс» ұғымы отандық заңнамада бекітілмеген. Бірақ қарыз алушы қиын жағдайға тап болып, банкке хабарласып, ай сайынғы төлемдерді кейінге қалдыруды сұрауға құқылы, деп жазады Еgemen.kz.
Мақалаға сүйенсек, өткен аптада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік қарыз шартының талаптарына өзгеріс енгізетін жобаны қарастыратынын айтыпты.
«Несиелік демалыс» қысқа мерзімге беріледі. Әдетте, осы кезеңде банк несие бойынша пайыздарды есептеуді жалғастырады, бірақ сізден төлем талап етілмейді.
Несиелік демалыс аяқталғаннан кейін ай сайынғы төлемнің мөлшері өзгеріссіз қалады, ал төлем мерзімі қарыздың барлық сомасын өтеуге қажетті мерзімге ұзартылады. Бұл мәселе қолдау тапса, несиелік демалысты заңдастыру күн тәртібіне шығады.