Categories: Оқиға

Несиесін төлей алмаған әйел өзін өлтірмек болды

Қарағандының Пришахтинск ауданында әйел адам бір уыс таблетка ішіп, суицид жасамақ болды, деп хабарлайды Patriotnews.kz сайты.

Жедел жәрдем дәрігерлері оны құтқарып қалды — асқазанды шайып, система қойды. Әйел ауруханаға жатқызылды.

Оның дәрігерлерге айтқан алғашқы сөздері: «мен несиелерден шаршадым» деген. Қазір әйелдің жағдайы қанағаттанарлық.

Ал екі апта бұрын ұқсас оқиға орын алды. Дәл осы ауылда  24 жастағы жігіт өз-өзіне қол жұмсады. Өлерінің алдында банктерге қарызданып қалғанын, несие төлеуге жалақысы жетпейтінін айтып шағымданған. Өзі күзетші болып қызмет атқарған екен. Жас жігіт отырған жерінде есіктің ұстағышына асылып қалған.

Он күн бұрын Астанадағы Каспи банк ғимаратына шабуыл жасалған еді. Ол да осы қарызға белшесінен батқан ер адамның әрекетіне ұқсайды. Бұл жағдайдан кейін қаржы сарапшылары елде несие мәселесін көтеріп, пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынған. Қаржыгерлердің сөзінше, сыйақы мөлшерлемесінің жоғары болуы халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсер етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56% шегінде.

Не деген сұмдық.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago