Алматының қақ ортасында қала күніне арнаған үш күндік іс-шараның бірінде Абайдың «Бойы бұлғаң» әнін шырқаған жастар көпшіліктің ашуын туғызды.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Рамазан Стамғазиев видеоны өз парақшасына салып, өткір сынға алды.
Жаңа Қазақстанның жұлдыздары. Неткен арсыздық, осыларды қолдап, қалың елдің алдына шығарған кім? Мыналардан не ұқты екен көрген, естіген адамдар? Мәдениет басқармасы, жауапты адамдар қайда?
Әнді қорлағандары үшін мына маңқаларды жауапқа тарту керек, деген ашудың ызғары білінді сөзінде.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды,
Әдеті надан адамның
деген осы да…
«Балық басынан шіриді дегеннің көрінісі мынау» деген дүйім жұрт Стамғазиевтің жазбасының астында ойларымен бөлісе бастады.
Құлдырап бара жатқан қайран уақыт. Масқара, қайда кетіп барамыз. Болашағымыз не болмақ?
Бәрі сатылатын болған: ар, мансап. Тек халықтың пікірін сатып ала алмас
Бейбіт елде сән бөлек, бүлінген елде ән бөлек (Төле би)
Министр мырза, мыналарға тосқауыл бола алмасаңыз, орныңызды босатыңыз!