Бүгінгі мақаламыздың басты кейіпкері танымал мексикалық актриса әрі модель Лусия Мендес. 30 жыл бұрын ол «Никто кроме тебя» телехикаясының басты кейіпкері Ракельдің рөлінде тамаша ойнап шығып, әлемге танылған болатын.
Қазақстанда телехикая 1992 жылы көрсетіле бастады, сол кездері Мариелена рөліндегі Лусия Мендесті білмейтін қазақ жоқ еді. Қазір ол қалай өзгерді, шығармашылығында не жаңалық және жеке өмірі қалай қалыптасты?
Балалық шағы
Лусия Мексикада, ірі қалаларының бірі — Леонда, үлкен отбасында дүниеге келген. Кішкентайынан өнерге баулып өсірген әке-шешесі қызды сегіз жасында бейнелеу өнері академиясын береді. Бұл академия Мексиканың талай атақты жұлдыздарының оқу орны.
Бір жылдан кейін Мендеске радиода балалардың таңертеңгі бағдарламасын жүргізуді сеніп тапсырады. Кейін Лусияның әкесі, инженер-химик қызын АҚШ-қа оқуға жіберуге шешім қабылдайды.
Қыз филологиялық университеттердің бірін бітіріп, содан кейін отанына оралады. Бірақ сол кезде оның әкесі қайтыс болады. Анасына көмектесуі керек болады, ал мамандығы бойынша жұмыс табу қиындай түседі.
Сондықтан Лусия табыстың басқа түрін табуға шешім қабылдайды.
Алдымен ол «Жылдың ең әдемі жүзі» байқауының жеңімпазы болады, содан кейін театрға жұмысқа орналасады, онда ол спектакльдердің бірінде жұмыс істегені үшін бірнеше беделді марапаттарға ие болады.
Бұл уақытта оның кинокарьерасы да басталады.
Киножұлдыз
Алғаш рет ол «Министр және мен» телехикаясында Барбараның рөлін сомдап танылады. Содан кейін «Заңсыз» және соңында «Сенен басқа ешкім емес» картинасында керемет ойнап шығады.
Актриса мұнымен тоқтап қалмады. Лусия әнші ретінде де өзін сынап көрді. Ол ранчероны алғаш орындаған кезде, мексикалық өнер әлемінде жаңа жұлдыз пайда болғаны белгілі болды.
Бүгінде Мендес қоржынында оннан астам диск бар. Сондықтан, соңғы уақыттары ол киноға сирек түсетін болған.
Жеке өмірі
Ол өмірінде екі рет ресми некеге отырған. Жас кезінде Лусия актер және режиссер Педро Торреске тұрмысқа шығады, одан бір ұл туады, бірақ бес жылдан кейін ажырасып кетеді.
Екінші күйеуі кубалық Артуро Хордана болды.
Ерлі-зайыптылар үш жыл бірге тұрды, бірақ содан кейін ажырасып кетті. Бұл некеде балалар болған жоқ. Содан бері Лусия тұрмысқа шықпады. Ал қазіргі түрі мынадай. Сурет 2021 жылы түсірілген.