Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде хиджаб пен басқа да діни киімдермен қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты.
Министр дін мәселесінің қазір Қазақстан қоғамында күрделеніп кеткенін атап өтті. Оның айтуынша, таяуда жаңа заң жобасын әзірлеу жұмыстарына Мәдениет министрлігі кіріседі.
Дін мәселесі өзекті болып отыр. Мәселе халықтың діни сауатсыздығында. Дәстүрлі дінмен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардың белсенділігін байқап отырмыз. Сондықтан министрлік үш бағытта жұмыс істеп жатыр. Деструктивті материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілді. 1 қаңтардан қыркүйектің соңына дейін терроризм мен діни экстремизмді насихаттау қағидаттарын қамтитын 14 860 материал анықталды,
деді Балаева.
Министр бұл іске теологтар, жұртшылық, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар тартылатынын айтты.
Ең болмағанда қоғамдық орындарда. Мен бұл тәжірибені бүкіл әлемде көріп жүрмін. Өйткені бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Қоғамдық орындарда бетін бөлек жауып тұрған жерді тану өте қиын. Бұл тағы да бірге зерттелетін болады. Біз уәкілетті орган ретінде осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, осы бағытта заңнамалық нормаларды қатайтуға күш саламыз,
деді министр.