Саян Ахметжанов салалық ғылымды қаржыландыру жүйесінде проблемалар бар екенін айтты.
Сыбайлас жемқорлық жаңа министрліктің миссиясына үлкен кедергі болып отыр. Антикор бұл саланы айналып өтпеуі керек. Соңғы үш жылда жоғары оқу орындарының қызметкерлері жасаған қылмыстар әшкереленіп келеді. 2021 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры, ректордың кеңесшісі және инженерінің заңсыз әрекеттері ашылды. Ол университетке тиесілі 110 жер телімін заңсыз алып, 72 жалған тұлғаға тіркеген. Нәтижесінде 95 млн теңгеге залал келтірді.
Сыбайлас жемқорлық фактілері регламенттеуші НҚА мен бизнес-процестерді қайта қарау, шешімдер қабылдаудың есептілігі мен ашықтығын күшейту қажеттігін растайды. 2018 жылы агенттік енгізген 16 ұсыныс бүгінде оң нәтиже берді.
Алайда салалық ғылымды қаржыландыру әлі де өзекті болып отыр. Қолданыстағы жүйе бөлінген ақшаның тиімді жұмсалуын ынталандырмайды. Ғалымдарды тікелей қаржыландырып, соңында бір нәтиже сұрау дұрыс болмады.
Сондай-ақ, жаңадан құрылған министрлік пен ЖОО басшылығы жоғары білім беру саласындағы ашықтық пен парасаттылықты ілгерілету бойынша бұрын қабылданған ұсынымдар мен стандарттарға назар аудару қажеттігі айтылды.
Бұрынғы ведомство мүдделі болмағандықтан, жоғары оқу орындары оларды сапалы және тиімді қолдануын қамтамасыз ете алмады,
деді Превеция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов.
Қорытындылай келе, Жоғары білім және ғылым министрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ұстанымын білдіріп, жоғары оқу орындарының басшылығына парасаттылық қағидаттарын сақтау қажеттігін айтты.