Қостанай облысының бірнеше ауылында мектептер қаңтар айында жабылып қойған. Кейбірінде бір оқушыдан ғана болды. Кезекте 13 мектеп тұр, деп жазады Baq.kz.
Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, оқушы саны аз мектептер бірден жабылмайды: оқушылар көбейеді деген үмітпен әр жағдайда жеке-жеке белгілі бір үзіліс жасалады. Алайда жағдай өзгермесе, орта мектеп негізгі, ал негізгі мектеп бастауыш болып қалады. Ал алдағы уақытта оқушы қосылмаса, мекеме жабылып, оқушылар көрші елдімекендегі мектептерге ауысады.
Көрші ауылға жеткізетін арнайы автобус бар. Елдімекен алыс болса, балалар мектеп жанындағы интернатта тұрып, оқи алады. Қазір облыста мұндай 20 мекеме бар,
дейді Қостанай облысының білім беру басқармасы бөлімінің жетекшісі Қарлыға Исмурзина.
Оның айтуынша, әні-міне жабылатын 13 бастауыш мектепте бар болғаны екі-үш оқушыдан қалған.
Әулиекөл ауданындағы Целинный ауылының мектебін жабу жоспары болмаған, бірақ адамдар ауылдан көшіп жатыр. Алты мектептен тек бір орта мектеп негізгіге ауысады, ал бес негізгі мектеп бастауыш мектепке айналады,
деді Қарлыға Исмурзина.