Алматы облысында мектеп оқушылары информатика кабинеттерінде порно сайттарына кіріп жүрген.
Білім ордасында 452-информатика кабинетінде тыйым салынған жағымсыз контентке оқушылардың еркін қол жеткізу фактілері анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мониторинг барысында оқушылардың әртүрлі суицидтік және порнографиялық сайттарға кіргені анықталды. Тексеруден кейін облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мұндай сайттарға кіруге шектеулер қойылды,
деді прокурорлар.
Прокурорлардың талап-арызымен аталған сегіз интернет-ресурс соттармен заңсыз деп танылды.
48 мектеп қызметкері жауапкершілікке тартылды.