Жаңаөзеннің «батыры» №5 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру мұғалімі екен. Ол оқушыны ұрды деп айыпталды. Оның қол көтерген видеосы әлем желіде тараған еді.
Видеода мұғалім оқушыларға дауыс көтеріп, ұлдардың бірін бірнеше рет ұрғаны анық түсіп қалған. Оқиға орта сыныптардың арасында болғанға ұқсайды.
Атышулы оқиғаны қалалық білім бөліміндегілер бақылауына аламыз деді. Уәдесінде тұрды. Ол мектептен қуылды. Мектеп директоры да жазаланды. Оған ескерту жасалды.
Белгілі болғандай, аталмыш мұғалім 2014 жылдың қыркүйегінде жұмысқа қабылданған.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабына , 1-тармағына, 14-бөлігіне сәйкес жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, Жаңаөзен білім бөлімінің бұйрығымен мектеп директорына ескерту жасалды,
деп түсіндірді білім бөлімі.