Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Ресейліктер Қазақстан банктеріне 1 трлн теңгеден астам ақша әкелді
02.02.2023
Қырғызстанда танымал TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салу ұсынылды
02.02.2023
Қарағанды әуежай
Қарағанды әуежайына 81 миллион теңге айыппұл салынды
02.02.2023
Түркістан облысында бірнеше ауылды су басты
02.02.2023
Қарақалпақстандағы митинг: 22 айыпталушыға қатысты үкім шықты
02.02.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Маңызды > «Ол намыстанып асылып қалған»: Адвокат сарбаз өлімі жайлы тағы тың деректі айтты
Маңызды

«Ол намыстанып асылып қалған»: Адвокат сарбаз өлімі жайлы тағы тың деректі айтты

Жансая Талипова
Жансая Талипова 25.01.2023
Обновлено 25.01.2023 в 10:01
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, былтыр жазда өз-өзіне қол салған 18 жастағы Бекбол Мираштың ісі жаңаша тергелуі мүмкін. Бұл туралы сотталушы сержант Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пірәлиев айтып берді. Бұл туралы Ulysmedia.kz порталы жазды.

2022 жылдың 19 тамызында ҰҚК Шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылғы Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған болатын. Күдікті Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пірәлиев таяуда журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді жария еткен. Оның айтуынша, сот кезінде сараптама тағайындалған.

Оның қорытындысы бүкіл жұртты есінен тандыра жаздады: биологиялық сараптама жігіттің ауыз қуысы мен іш киімінен, футболкасынан екі және одан да көп ер адамға тиесілі шәует (сперма) ізі табылғанын анықтады,

деді адвокат.

Адвокаттың бұл мәлімдемесі жұрттың жағасын ұстатты. Ал кеше кешке Ішкі істер министрлігі «Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария еткенін» сынға алды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды,

делінген ІІМ хабарламасында.

Ал Сержан Пірәлиев ешқандай заңды бұзбағанын алға тартып отыр. Айтуынша, ол республикалық адвокаттар алқасына арыз жазған. Сол комиссия этиканы бұзған, не бұзбағанын айтады.

Мен айтқан мәліметтің бәрі ақиқат! Сот сараптамалары бар. Қарап көрсеңіз, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 70-бабы 1-тармағында қорғаушының міндеті айқын жазылған. Ол – менің міндетім. Өз қорғауымдағы азаматқа тағылған айыпты жоққа шығаруым керек. Сол бапты негізге алып, баспасөз мәслихатына шықтым,

деді ол.

Сарбаздың аузы мен киімінен шәует табылғаны сот құжаттарына енгізілген. Ақ бетке қара жазумен жазылған. Адвокат емес, сот сарапшылары осындай қорытынды жасап отыр. Бақилық болған сарбаздың шұлғауы мен бәтеңкесі, бас киімі ғана таза. Басқасының бәрінде сперма ізі бар. Ал олардың қорытындысында «артқы жағы таза» деп жазылған. Яғни, оны ешкім зорламады деген тоқтамға келіп отыр. Ал сонда ауыз қуысында, киімінде табылғанды қалай қабылдауға болады? Дәл осы жағдайды ескере отырып, кінәлілерді табу керек.

Қазір бұл қылмысты жасағандар ешқандай жауапкершілікке тартылмаған. Іс жаңа бағытта, жаңа баптар бойынша қарастырылу керек деп есептейді қорғаушы.

Менің қорғауымдағы Айбек Нұртаев – сол сарбаздардың командирі. Ол 20 жылдан бері қызметте. Арақ ішпейді, темекі шекпейді. Төрт баласы бар. Бұларға сарбаздар күзде бір, көктемде бір келеді. Призывтар ауысып тұрады. Сонда 20 жылдың ішінде Нұртаев оңбаған болса, баяғыда отырғызып қояр еді ғой. Біреуден ақша сұрап, біреуді қорқытып, үркітсе баяғыда сотталып кетер еді. 20 жыл таза қызмет еткен. Өлген баланы ол бар-жоғы төрт-ақ күн көрген. Сарбаздар Нұртаев қызмет етіп жүрген жерге маусым айының аяғында келген. Шілдеде Нұртаев кезекті демалысында болған. Жұмысына тамыздың ортасында бір-ақ шыққан. Тамыздың 16-нан бастап бар-жоғы 3-4 күн көрген.

Сарбаздар 16-17 тамызда отырып шекара бөлімшесінің ішінде арақ ішкен. Оның бәрін өздері тергеуде жазып отыр. Басында басқа нұсқа болған. Жанындағы жолдастары «жүріп жүрген қызымен ұрсысып қалған» деген әңгімені таратқан. Көп өтпей ауылдағы қызы ол ақпаратты жоққа шығарды. Екінші күні алады да жолдастары «біз арақ ішкенбіз, оны біліп қойған сержант Нұртаев бізді «алқаштар, малсыңдар» деп атады, содан барды да әлгі сарбаз көңіл-күйі болмай асылып қалды» деген нұсқаны өткізбек болады,

деді қорғаушы.

24 қыркүйек күні алғашқы биосараптама шықты. Іздеді. Нұртаевтыкі болмай шықты. «Іздеңдер» деп тапсырма беріпті. Жанындағы досы «моншаға барып, өз-өзімді қанағаттандырдым да, бір футболкаға сүртіп кетіп қалдым» деп жауап беріпті. Бұған адам сене ме? Ал тергеу сенеді.

Қайтыс болған жігіттің жанындағы сарбаздар қазір куәгерлер. 10 адамды тергеу басқармасы басқа әскери бөлімге өткізіп, сол жерде ұстап отыр. Адвокат әділ тергеу жүргізілетініне сенеді.

Бүкіл халық іске назар аударып отыр. Әділетті – Жаңа Қазақстан құрамыз деп жатырмыз. Егер сот әділ болса, оң көзімен қараса, әділетті шешім шығаруы керек. Мен оған сенімдімін. Іс халықтың назарында болғанда басқаша болады.

Ал қайтыс болған сарбаздың ата-анасы «баланы ұрып соққан, содан ол өзіне қол жұмсаған» дегенге сеніп жүр. Әкесі 1976 жылғы туған азамат. Олар ауылдың адамдары. Болып жатқан жағдайлардан хабарсыз. Адвокат аузын жауып отырса, тергеу органдары жазықсыз Нұртаевты темірторға 8 жылға тығып жібермек. Ал шекарада болып жатқан шындықты ел білу керек. Ақылға қонымсыз сұмдық жағдайлардың алдын алу керек дейді қорғаушы Пірәлев.

Тергеу органдары басты қатырғысы келмейді. Керектісін алып сонымен жүр. Ал мынау отырған 10 адам бірнәрсе жасырып отырғаны анық. Себебі Мираш Бекболдың доссымағы біреудің телефонын алып артынан сындырып көзін жойыпты. Тергеушілер ол сарбаздан жауап алмаған. Дәл сол жоғалып кеткен телефонда бір мәліметтер болуы мүмкін. Соны көрген сарбаз намыстанып, басқа біреудің белбеуімен асылып қалған.

«Спасибо за минет» деп жазған адам «бұл әзіл болған» деп ақталады. Ал енді кейінгі сараптама нені көрсетеді? Бұл әзіл емес. Бірдеңе болған…

деп аяқтады адвокат Сержан Пірәлиев.

Бұдан бұрын біз қайтыс болған сарбаздың өліміне байланысты сұмдық мәліметтің шыққанын жазған едік. Оқи отырыңыз: Таразда асылып өлген солдаттың аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті анықталды

ТЕГи: Главное, Қазақстан
Жансая Талипова 25.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Ресейліктер Қазақстан банктеріне 1 трлн теңгеден астам ақша әкелді
  • Қырғызстанда танымал TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салу ұсынылды
  • Қарағанды әуежайына 81 миллион теңге айыппұл салынды
  • Түркістан облысында бірнеше ауылды су басты
  • Қарақалпақстандағы митинг: 22 айыпталушыға қатысты үкім шықты

Недавние комментарии

  1. Жұбаныш Айтжанов к О, тоба! Қазақтың билігі шпиондардың қолында ма?

Вам также может понравиться

Қарағанды әуежай
Қоғам

Қарағанды әуежайына 81 миллион теңге айыппұл салынды

02.02.2023
Оқиға

Түркістан облысында бірнеше ауылды су басты

02.02.2023
Спорт

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды

02.02.2023
Қоғам

Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы

02.02.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?