Қазақстан Президентінің олигархтарға заңсыз активтерді өз еркімен тапсырып, елге ақшаны қайтару туралы үндеуін жүзеге асыру оңай емес.
Ақшадан, кәсіпорындардан өз еркімен бас тартуға ешкім асығар емес екені анық. Нюанс басқада. Біріншіден, халықаралық тәжірибеде Қазақстанның мемлекеттік органдарына қарсы сот ісін сәтті жүргізудің тәжірибесі бар. Екіншіден, халық даналығы айтқандай – қарызды қорқақтар ғана өтейді.
Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев өзінің телеграм-арнасында осы нюанстардың барлығын егжей-тегжейлі түсіндірді:
Экономиканы монополиясыздандыру және заңсыз бөлінген активтермен күресу – өте саясаттандырылған мәселе. Бір жағынан жекешелендірудің нәтижесіне көңілі толмайтындар көп. Екінші жағынан, оларды субъективті критерийлер бойынша қайта қарау елдің экономикалық әлеуетіне әсер етуі мүмкін.
Ұлттандырудың өзі қорқынышты фактор. Қазір көбісі инвестиция салуға қорқады, өйткені бұл активтер кейін заңсыз алынған деп жарияланбайтынына кепіл жоқ.
Шетелдік қор биржалары арқылы жылыстатылған және шетелдік инвесторлардың меншігіндегі кәсіпорындар бар, және Стати прецедентін бәріміз білеміз. Бір қарағанда бейтаныс Молдова кәсіпкері біздің үкімет миллиондаған доллар жұмсаған соттарды іс жүзінде жеңіп шықты. Оның ішінде Ұлттық қорды тұтқындауға дейін барды. Егер бұл ешкімге таныс емес Статидің қолынан келсе, онда бұл процесті қызығушылықпен бақылаған ірі ойыншылар өз активтерін қорғай алатынына кепілдік жоқ. Өйткені, Конституциямызда халықаралық міндеттемелер мен шарттардың басымдығы бекітілген, және бір нәрсені ұлттандыруға ұмтылудың тек экономикалық және саяси негізі ғана емес, сонымен бірге құқықтық негізі де болуы керек. Біз сотқа дейін жетуіміз мүмкін.
Байқасаңыздар, активтердің көпшілігін қазір тергеу үстіндегі адамдар өз еркімен қайтарып жатыр. Ал көшіп кеткендер, немесе аса ауқатты және белгілі бір қол тигізбеушілікке ие адамдар ештеңемен бөліскелі жатқан жоқ.