ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дінмұхамед Қонаев пен Қаныш Сәтбаевтың Вьетнам ұлттық көшбасшысы Хо Ши Минмен Алматыдағы кездесуі кезінде түскен архивтік фотосуреттерді жариялады.
Суретте Хо Ши Миннің келуі, Қонаев пен бірге аймақты аралаған сәттері бейнеленген.
«1959. Алматы. Вьетнам президенті Хо Ши Миннің Қазақстанға сапары. Дінмұхамед Қонаевпен және Қаныш Сәтбаевпен кездесуден естелік суреттер», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы.




Хо Ши Мин (шын аты — Нгуен Тат Тхань; бірнеше партиялық лақап аттары болған: Нгуен Ай Куок, Выоң жолдас, Тхау Тин) (19 мамыр 1890 — 3 қыркүйек 1969) — Вьетнам ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, 1945-1955 жылдары Солтүстік Вьетнам премьер-министрі және 1945 жылдан қайтыс болғанына дейінгі президенті. Идеологиясы Марксизм-ленинизм болған Хо Ши Мин қазіргі күннің өзінде билікте тұрған Вьетнам Коммунистік партиясының басшысы да болды.
Еске салсақ, 20 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына барғанын хабарлаған болатынбыз.