Интернет-дүкен арқылы есірткі сатуды ұйымдастыратындарға тосқауыл болмай тұр.
Павлодар облысында жедел уәкілдер Telegram қосымшасындағы интернет-дүкен арқылы марихуананы сатуды жолға қойған ұйымдастырушыны және тағы да басқа төрт адамды құрықтады. Олардың қатарында бухгалтер, интернет-дүкеннің әкімшісі, буып-түюші мен жасырып кетуші бар.
Төрт мекенжай бойынша жүргізілген тінту нәтижесінде тоғыз келіден аса марихуана, сатылымға дайын есірткі, буып-түюге және қолдануға арналған түрлі құрылғылар, қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын техника мен ұялы телефондар, сондай-ақ интернет-дүкеннің қаражат айналымының жазбалары табылып, тәркіленді.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.