Categories: Қоғам

Онлайн несие беруге тыйым салу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстанда микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн несие рәсімдеуге тыйым салуды ұсынды.

Ол депутаттық сауалын Бас прокурор Берік Асылов пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға жолдады.

Халық арасында қазір онлайн несие алуға сұраныс күрт артқан. Қарапайым адамдар микроқаржы ұйымдарынан жетіскеннен қарыз алмайды. Айлығы шайлығына жетпегендіктен осылайша бір қарызды екінші қарызбен жамайды.

Бүгінде елімізде 239 микроқаржы ұйымы бар. Банктен несие рәсімдей алмаған аңқау халықты делдал-алаяқтар құрыққа оңай түсіріп, осындай ұйымдарға алып келеді. Тығырыққа тірелген адамның мойнына жүздеген пайыздық несие рәсімделеді,

деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, 2022 жылы банктен несие әперемін деген желеумен алаяқтар 3022 адамды сан соқтырған. Биылғы 3 айда 475 факті тіркелген.

Мысалы, осыдан бір ай бұрын Ақмола облысы Бурабай ауданының тұрғынына хабарласқан интернет-алаяқ өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, 1 млн теңге несие рәсімдеткен, ал ақша өзге адамның шотына жіберілді. Абай облысының тұрғынына хабарласқан алаяқ болса, ұялы телефонға AnyDesk деп аталатын қосымшаны орнаттырып, сол арқылы 9,5 млн теңге несие рәсімдеп алған,

деді ол.

Мұндай оқиғалар Қазақстанның барлық өңірінде тіркелген.

Бұл мәселе бойынша AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауларына алаяқтардың ісіне тап болған азаматтар жиі шағым түсіреді. Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, онлайн несиені өзге адамға заңсыз рәсімдейді,

деді Елнұр Бейсенбаев.

Осыған байланысты ол мәселені шешудің мынадай жолдарын ұсынды:

Біріншіден, азаматтарға микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн несие рәсімдеуге электронды үкімет базасында тыйым салудың мүмкіндігін тездетіп енгізу;

Екіншіден, Қазақстанда заңсыз лотереялармен, қаржы пирамидалары, өзге де заңсыз қаржылық операциялармен күрестің қалай жүргізілетінін түсіндіру;

Үшіншіден, әлеуметтік желілерге кешенді тексеру жүргізіп, онлайн жарнаманы алаяқтық мақсатта пайдаланатын топтарды бұғаттау.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago