Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтың айтуынша, «қоғамда не болып жатса, армияда да сол болады».
Біз әскер қоғамның бөлшегі екенін бірнеше рет айттық. Қоғамда не болып жатса ол әскерде де бар. Жасөспірімдердің өліміне жол берілмейді, бұған біз де келісеміз. Өкінішке қарай, мұндай факт бар.
Оның сөзінше, Қорғаныс министрлігі арнайы сараптама жасаған. Сарбаздар өлімінің себептерін анықтауға тырысқан.
Көбіне өлім денсаулық жағдайына байланысты болады.
Екіншіден, ол жол-көлік оқиғалары. Әрине әскерилердің өзара қақтығысы да болады, біз мұны жоққа шығармаймыз.
Оларға қызметтік тексеріс жүргізіледі. Кінәлелер әкімшлік жауапкершілікке тартылады,
дейді Сұлтан Қамалетдинов.