Бүгін, 5 қазанда полиция қызметкерлерері Оралда төбелескен РФ азаматтарын республика аумағынан шығарып жіберді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ПД полиция қызметкерлері ҚР заңнамасын бұзған Ресей азаматтарын елден шығарып жіберу туралы әкімшілік соттың шешімін орындады.
БҚО Полиция қызметкерлері «Сырым» шекара бекеті арқылы Ресей Федерациясының екі азаматын бақылаудан шығарды. Ресей Федерациясының тағы екі құқық бұзушысы әкімшілік қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін ҚР аумағынан шығарылады,
делінген хабарламада.
Еске салайық, сот Оралда төбелеске қатысқан шетелдіктерді республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдаған еді.