Bloomberg бәрін дәл айтты. Оларға ренжудің қажеті жоқ.
Тоқаевтың қазақтарға неге жаны ашымайды? Мәскеуге қайтадан кете салсын онда.
Түркістанда, оңтүстікте енді тағы орыс мектептерін ашса, өзі айтқан орыс тілін қолдау ұйымы құрылса, қазақ тілінің мәртебесі қалай көтеріледі?
Экономика, реалполитикті айтпай-ақ қойыңдар.
Отыз жылда әрең дегенде басымызды түзу жаққа бұра бастадық. Путинге жалбақтап, ертең қайтадан орыстана бастасақ, тәуелсіз ел болудан қаламыз.
Онсыз да жүрміз, екінің бірі өз қазағын “мамбеты” деп.
Тіл кеспек жоқ арнасының ұсынған мәліметі бойынша, елдегі 6900-дан астам мектептің 54 пайызы (3743 мектеп) – қазақ тілінде, 15,3 пайызы (1055) – орыс тілінде, 30,5 пайызы (2106) – аралас.
Тоқаевтың айтуынша, қазір Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқып жатыр. Олардың Ресей оқу орындарын таңдауына «географиялық жақындық, тілдік кедергінің болмауы» себеп болған.
«Известия» басылымына берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей арасында жоғары оқу орындарының бөлімшелерін ашу жөнінде келісімге қол қойылғаны айтылды. Мұнымен қоса, Тоқаев Қазақстан тарапының шекаралас аумақтарда орыстілді мектептердің ашылуына мүдделі екенін білдірген.
Ал Путин «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында «Қазақ жастары орыс тілін үйренгісі келеді» деп айтты.
Орыс әдебиетінің классиктерін қазақ тіліне аударған қазақтың халық ойшылы, ағартушы-педагогы Абай Құнанбаев: «Жамандықтан қашып, жақсылыққа жету үшін орыс тілін, орыс мәдениетін білу керек» деп айтты. Ол «орыс әдебиеті – өмірдің кілті» деген,
деді Путин.