Маңызды

Орыс тілін «екінші мемлекеттік тіл» деп жарияласа да таңғалмаймыз

Bloomberg бәрін дәл айтты. Оларға ренжудің қажеті жоқ.

Тоқаевтың қазақтарға неге жаны ашымайды? Мәскеуге қайтадан кете салсын онда.

Түркістанда, оңтүстікте енді тағы орыс мектептерін ашса, өзі айтқан орыс тілін қолдау ұйымы құрылса, қазақ тілінің мәртебесі қалай көтеріледі?

Экономика, реалполитикті айтпай-ақ қойыңдар.

Отыз жылда әрең дегенде басымызды түзу жаққа бұра бастадық. Путинге жалбақтап, ертең қайтадан орыстана бастасақ, тәуелсіз ел болудан қаламыз.

Онсыз да жүрміз, екінің бірі өз қазағын “мамбеты” деп.

Тіл кеспек жоқ арнасының ұсынған мәліметі бойынша, елдегі  6900-дан астам мектептің 54 пайызы (3743 мектеп) – қазақ тілінде, 15,3 пайызы (1055) – орыс тілінде, 30,5 пайызы (2106) – аралас.

Тоқаевтың айтуынша, қазір Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқып жатыр. Олардың Ресей оқу орындарын таңдауына «географиялық жақындық, тілдік кедергінің болмауы» себеп болған.

«Известия» басылымына берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей арасында жоғары оқу орындарының бөлімшелерін ашу жөнінде келісімге қол қойылғаны айтылды. Мұнымен қоса, Тоқаев Қазақстан тарапының шекаралас аумақтарда орыстілді мектептердің ашылуына мүдделі екенін білдірген.

Ал Путин «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында  «Қазақ жастары орыс тілін үйренгісі келеді» деп айтты.

Орыс әдебиетінің классиктерін қазақ тіліне аударған қазақтың халық ойшылы, ағартушы-педагогы Абай Құнанбаев: «Жамандықтан қашып, жақсылыққа жету үшін орыс тілін, орыс мәдениетін білу керек» деп айтты. Ол «орыс әдебиеті – өмірдің кілті» деген,

деді Путин.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago