Жұмыс берушілер қызметкердің жалақысынан 3% төлейді.
Оның көлемі 25 500 теңгедей. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің сайты Қордың астаналық филиалына сілтеме жасап хабарлады, деп жазды Tengelife.
Жалдамалы жұмысшылар жалақыларынан 2% төлейді. Мамандар мұны шамамен 17 000 теңге деп отыр.
Салық салынатын табыстың ең жоғары мөлшері 10 ең төменгі жалақыдан аспайды (2024 жылы 850 000 теңге).
Өз бетінше төлем төлеушілер ең төменгі (бір) жалақының 5 пайызын, яғни 4250 теңге төлейді. Жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының (1,4) 5 пайызын, яғни 5950 теңге төлейді.
2024 жылдың қаңтарынан бастап бірыңғай төлем жоспары бойынша төлем жүргізілмейді,
делінген хабарламада.
Біздің аударып жатқан ақшамыз қайда, қалай жұмсалуда? Реттеуші, тексеруші органдар бұл жөнінде ешқандай ақпар таратпайды. Тіркелген емханаға барсақ, ақылы клиникаға жібереді. Емхана мамандармен толық қамтамасыз етілмеген. Талондық жүйе жүйкеге тиеді.
Ал МӘМС-ке кеткен ақша жеке шотқа аудырылса, ақылы медициналық қызметті өзіміз таңдар едік.