Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді
29.09.2023
Ринат Зайытов депутаттық қызметінен айырылуы мүмкін
29.09.2023
Балалар арасындағы суицид 47 пайызға өскен
29.09.2023
Көлік салығын 328 мыңнан астам қазақстандық төлемей жүр
29.09.2023
Қытай экспорты мен Қазақстан импортының алшақтығы 3,3 млрд доллар
29.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Отандық такси: Қазақстан бәсекеге лайықсыз
Қоғам

Отандық такси: Қазақстан бәсекеге лайықсыз

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 14.09.2023
Обновлено 14.09.2023 в 12:09
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Елімізде тұрғындар арасында Яндекс, Indriver атты шетелдік такси платформалары кеңінен танымал. Өзге елдің такси қызметінің қосымшалары несімен ерекше? Отандық такси платформалары бар ма? Bugin.kz тілшісі осы тақырыпты зерттеп көрді.

Отандық платформалардың бірі  —  Aparu такси қызметі. Бұл қосымша Өскеменде ерекше танымал. Себебі қала тұр­ғындары платформаны 10 жыл­дан бері қолданып келе жатыр. Компания­ның басшысы Ерлан Шаяхметовтің айтуынша, отандық қосымшалардың аздығына қаржы тапшылығы себеп. 

2010 жылы Өскеменде «Апару» онлайн такси жобасын іске қостым. Ал кеткен шығынды тек 3 жылдан кейін қайтарып алдым. Әлі де пайдасы көп емесін айтамын. Өйткені елімізде онлайн платформаны жасауға маман жеткілікті болғанымен, іске асыру үшін қаржы көзін табу қиын. Мемлекеттен мұндайға көмек берілмейді. Тек банктер несие бере алады, ал онда пайыз көп. Сол үшін тиімсіз. Кез келген адамның оған шамасы жете бермейді,

деді кәсіпкер.

2011 жылы тамызда «Апару» таксидің қызметі іске қосылды. Бірақ қосымша ке­йінірек, 2015 жылы қолданысқа енді. Ол кезде компания бір тапсырыстан 5 теңге, кейін 10 теңге алды. Қазір 12 жылдан кейін 50 теңге болды. Біздің басқа аймақтардың нарығына шыға алмай жүр­ген себебіміз — компанияның қаражаты көп емес. Сонымен қатар бізде венчурлық қорлармен жұмыс істеу жағы заңмен реттелмеген. Инвесторлар тарту қиын. Ал отандық платформаның танымал болмау себебі: «Яндекс» әрбір регионға кіргенде, бағасын төмендетіп тастайды. Яғни, жолаушыға да, жүргізушіге де жеңілдік жасайды. Жолаушылар осыған алданып қалады. Ал бұл сияқты нарықтағы бәсекені отандық платформалар жасай алмай отыр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин платформа дайындау үшін қыруар қаржы керек екенін айтты. 

Әзірге  «Яндекске» отандық балама платформа әзірлеудің керегі жоқ. Қыруар қаржы қажет. Себебі жоба әзірлегенімізбен, ұзаққа бармайды. Ол үшін әлемге танымал жоба болуы керек. Мәселен, естеріңізде болса, бізге DIDI деген такси платформасы келді. Қанша қаражат салса да, «Яндекс» қызметін алмастыра алмады. Жалпы бұл бәсекеде жеңу миллиардтаған қаражатты талап етеді. Оны мемлекет бөле алмайды. Бір жағы, бұл бизнес болғандықтан,  жобаға инвесторды әркім өзі табуы керек.

Jetu Taxi қосымшасын атыраулық IT маман Нұрлан Жасұланұлы жасап шығарған. Оның айтуынша, қосымшаны жаңа бастаған жүргізушілер екі ай тегін пайдалана алады.

App Store және Google Play қосымшалары арқылы жүктеледі. Қосымшаны жасауға бір жыл уақыт кетті. Мұны үш көлігімді сатып, қарызға ақша алып істедім десем, сенбейтін боларсыздар. Бұдан да басқа тиімді функцияларды қолданысқа енгізу ойымда бар. Біздің такси қызметінің құны 1 шақырымға – 110 теңге, яғни 5 шақырым қашықтыққа – 550 теңге. Қымбат емес деп ойлаймын. Болашақта түскен ақшаның 1 пайызы қайырымдылыққа жұмсалады,

дейді кәсіпкер.

Бұдан бөлек отандық «Регион 14», «Такси 5+» қызметі, «Сенім такси», Qazaq taxi деген жобалар бар екенін білдік. Материал жазу барысында барлық отандық такси қосымшаларды жүктеп алғанымызбен, Алматы қаласы үшін қолдана алмадық. Басқа қазақстандық компания иелерімен де байланысу мүмкін болмады. Бәлкім, министр айтқандай, бұл бәсекеде жеңу миллиардтаған қаржыны талап еткен болар. Шетелдік қосымшаларға ақы төлегенше, отандық қызметті қолданғымыз келеді. Бірақ…

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 14.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді
  • Ринат Зайытов депутаттық қызметінен айырылуы мүмкін
  • Балалар арасындағы суицид 47 пайызға өскен
  • Көлік салығын 328 мыңнан астам қазақстандық төлемей жүр
  • Қытай экспорты мен Қазақстан импортының алшақтығы 3,3 млрд доллар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Саясат

Ринат Зайытов депутаттық қызметінен айырылуы мүмкін

29.09.2023
Оқиға

Балалар арасындағы суицид 47 пайызға өскен

29.09.2023
Cалық

Көлік салығын 328 мыңнан астам қазақстандық төлемей жүр

29.09.2023
Экономика

Қытай экспорты мен Қазақстан импортының алшақтығы 3,3 млрд доллар

29.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?