Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда көлік импорты рекордтарды жаңартуда
21.09.2023
«Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты
21.09.2023
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
21.09.2023
Ерлі-зайыпты 12 жыл бұрын жоғалтқан ұлдарын кездейсоқ қағып кетті
21.09.2023
Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады
21.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Отбасында қорлық көрген бала өскенде ойынқұмар, нашақор, алқаш болады – психолог
Қоғам

Отбасында қорлық көрген бала өскенде ойынқұмар, нашақор, алқаш болады – психолог

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 14.09.2023
Обновлено 14.09.2023 в 01:09
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Баланың әлеуметтік жағдайы болашақ тағдырына қалай әсер етеді? Бұл сұрақ әлемнің талай мықтыларының зерттеу нысанына айналды. El.kz сұрақтардың жауабын психологтар мен әлеуметтанушылардың пікірінен іздеп көріпті.

Баланың өскен ортасы оның үлкен өмірдегі рөлі мен қоғамдағы көшбасшылық қабілетіне тікелей әсер етеді деген пікірдегі мамандар мен оған негіз болатын зерттеулер де аз емес. Мәселен, жақында ғана танымал коуч-тренер психолог Роза Әшірбаева «кедейдің балалары түрмелерді толтырады» деп даулы мәлімдеме жасаған болатын. Ол мұны БҰҰ зерттеушілерінің пікіріне сүйеніп айтқан.

Кедейлікте өскен бала 10-15 жылдан кейін түрмелерді толтырады. Ол – факт. Қазір түрмеде отырғандардың 90%-ы кедей отбасынан шыққандар. Жалпы жоқшылықта өскен бала өзіне сенімсіз болады. Оқуға түскеннің өзінде оған білім алу өте қиын. Сондықтан олар «жұмыс жоқ», «мемлекет маған жұмыс тауып берсін» деген ұғыммен мемлекеттің жәрдемақысына ғана қарап отырады. Бұл ғылыми зерттелген дүние,

дейді Роза Әшірбаева.

Расында бала миын зерттеп, осындай қорытындыға келген ғалымдар да бар. Мәселен, невролог және педиатр Кимберли Нобл өмір сүру деңгейі баланың танымдық қабілетіне тікелей әсер етеді деп жар салған. Ол  америкалық отбасылардан шыққан 1000-нан астам балалар мен жасөспірімдердің миын зерттеген. 

Біздің қызығушылығымыздың нысаны күрделі когнитивті жұмыстың көп бөлігін орындайтын сыртқы мидың жұқа, мыжылған қабаты болды. Зерттеу барысында мидың дамуына әсер ететін бір факторды таптық, бұл — отбасының табысы,

дейді ғалым.

Ғалым зерттеуі бойынша әлеуметтік жағдайы жақсы отбасынан шыққан балалардың ми қатпары көбірек, ойлану мен шешім қабылдау қабілеті жақсырақ дамыған.

Ал отбасының әлеуметтік жағдайы баланың тұлғалық, көшбасшылық қабілетіне әсер ете ме? Осы туралы психолог Серікгүл Сәлиден сұрап көрдік.

Баланың көшбасшылық қабілетіне, болашақта табысты азамат болуына әлеуметтік жағдайы әсер етеді дегеннен гөрі, ата-анасының бала тәрбиесіндегі ұстанымына байланысты деген пікірмен көбірек келісер едім. Әлеуметтік жағдайы шиеленіскен, қаржылық қиындықтары бар ата-ана ашуланшақ келеді. Мұндай ата-ананың балаға ұрсуы, таптауы, амбициясын басуы мүмкін. Өйткені олар өмірге өкпелі, бақытсыз. Ал бақытсыз ата-ана баласына махаббатын,  мейірімін көрсете бермейді. Баласын ұрады, балағаттайды, намысын таптайды, жаман сөз айтады. Сондай жағдайда әбден жәбір көрген баладан өскенде қылмыскер шығады. Ал егер ата-ана саналы түрде «баламды жақсы тәрбиелеймін» деп шешім қабылдаса, әлеуметтік жағдайдың еш кедергісі жоқ. Мәселен, кедей, тұрмысы жұпыны отбасында өскен балаға ата-анасы дұрыс қарым-қатынас жасаса, тұлға болып шығуы мүмкін. Әйтпесе, ең қарапайым деген отбасылардың өзінен таудай тұлғалардың өсіп шыққан мысалдарын көптеп келтіруге болады,

дейді Серікгүл Сәли.

Ол әріптесі Роза Әшірбаеваның «кедей отбасынан шыққан баланың амбициясы болмайды» деген пікірімен келіспейтінін айтты.

Ата-анасының қарым-қатынасы дұрыс болатын болса, қаржылық жағынан тарығып өскен баланың амбициясы өте жоғары болады. Бала «мен үлкен жетістіктерге жетемін, оларды қуантамын, олар бәрінен бақытты адамдар болады» деп үлкен мақсаттарға ұмтылады. Шыңдарды бағындыруға талпынады. Ал егер ата-анасының балаға деген қарым-қатынасы оның психикасын тежеген болса, өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіне алмайды. Өспей қалған психикада ешқандай амбиция болмайды. Олардан қоғамды алға сүйрейтін көшбасшылар, пайдалы социум мүшесі шықпайды. Олар паразит немесе қылмыскер болады. Әкесі мен анасы кішкентай кезінен намысын таптаған балалар ойынқұмар, алқаш, нашақор болады,

дейді психолог.

Бай отбасынан шыққан балалар да өмірде орнын таба алмай жатады. Біздің елде байлықпен баланы қалай өсіру керек екенін білмейді. Байлық, ақша бола тұра баланы тәрбиелеу мүлдем басқа мәдениет. Сол мәдениет бізде қалыптасқан жоқ. Мен осындай ата-аналармен, олардың балаларымен жұмыс жасаймын. Жалпы алғанда ата-аналардың бала тәрбиелеуіне қатысты сұрақ көп.

Бала тәрбиесі — өзекті тақырып. Мен бұл тақырыпта көп ойланамын, көп зерттеймін, көп жазамын. Баланың жақсы тұлға болып қалыптасуына фактор өте көп. Мәселен, ата-анасы мейірім, махаббат бермесе де жақсы тұлға болып қалыптасып жатқандар бар. Оған жақсы мектеп, жақсы орта да себеп болып жатады. Өміріне жақсы жағынан әсер ететін ұстаз кездесуі мүмкін.

Әрине, адамның қалыптасуына оның шыққан ортасы әсер етеді. Темекі шегетін, ішетін, нашақорлыққа жақын ортадығылар сондай жаман әдеттерге азғырады. Бірақ ата-анасынан жақсы тәрбие алған бала мұндай азғыруға ермейді. Орта адамға әсер етеді, бірақ миллиардердің қасында жүргендердің бәрі миллиардер болып кетпейді. Жақсыны көргенде оған еліктейді, жақсы ой салады. Мұндай құбылыс бар. Бірақ балаға егілген дән қандай, оның ішкі мазмұны сапалы ма? Бәрі соған байланысты,

дейді демограф.

Әлеуметтанушы қоршаған ортаны үнемі назардан тыс қалдырмай, зерттеп жүретінін айтты. Ол қоғамда бұған мысал бола алатын дүниенің көп екенін тілге тиек етті. Мәселен, Геннадий Головкин ең қылмыстар жиі болатын шулы Майқұдық ауданынан шыққан. Ол керісінше, Майқұдықта туған қаншама балаға мотиватор болды. 

Әлеуметтанушының сөзінше, ата-анасы маскүнем, нашақор болғандардың балалары көп жағдайда қоғамға сіңіп кете алмайды. Міне, осындай балаларды қоғам жақсы жаққа қарай тарту керек екен.

Өз тәжірибемнен түйгенім, орта – көп факторлар ішіндегі тек бір жеке фактор. Қосымша бір үйірмелерде, спорт секцияларында орта болса, тек дала мен аула балаларымен, көршілермен шектелмеген орта болса, баланың тәрбиесіне оң әсерін береді,

дейді ол.
ТЕГи: Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 14.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстанда көлік импорты рекордтарды жаңартуда
  • «Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты
  • Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
  • Ерлі-зайыпты 12 жыл бұрын жоғалтқан ұлдарын кездейсоқ қағып кетті
  • Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда көлік импорты рекордтарды жаңартуда

21.09.2023
Дін

«Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты

21.09.2023
Қоғам

Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады

21.09.2023
Саясат

Олигархтарды үркіту: Тоқаевтың ойлағаны не?

20.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?