Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов 6 наурызда өткен брифинг барысында бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қандай күдік келтірілгенін айтты.
Агенттік өкілінің айтуынша, бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.
Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында «Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын» ұйымдастыру бойынша шарт жасасуда жекенің мүддесін қолдаған. Бұл ретте форумды өткізуге арналған сметадағы сандар негізсіз екі есеге ұлғайған. Бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына алып келіп соқты,
деді Арман Тілеукенов.