Мыңға жуық адам қаза тауып, 30 миллонға жуығы зардап шекті.
Табиғи апат ел экономикасына орасан соққы жасап жатыр. Тасқын муссон жауындарының салдарынан басталған.
Су тасқыны онжылдықтағы ең үлкен гуманитарлық апат болып аталды. 33 млн тұрғын зардап шекті. 30 миллионы үйсіз қалды. Ел билігі халықаралық ұйымдардан көмек сұрап отыр. Мемлекеттік тасқын салдарымен күресуге қауқары жетпейді. Ұлттық басқарманың есебіне сәйкес соңғы тәулікте 150 шақырым жер зақымдалды. 150 мыңнан аса үй қирады.
БҰҰ гуманитарлық мәселелер бойынша агенттігі Пәкістан бойынша 184 мың адамның көмек көрсетуге арналған лагерьге орналастырылғанын мәлімдеді.
Пәкістанға көмек ретінде 3 миллион доллар бөлінеді.