«Анам айтатын, Совет үкіметі құлағаннан кейін, не істейміз, қайдан ақша табамыз деп жүрдік. Мал дәрігерінен кетіп, кәсіпкер болды», дейді қоғам белсендісі Әділет Ғабдулла.
Сол кездерде теледидарды қосқан кезде, билік халықты экономикалық ағарту шараларын ұйымдастырудың орынына, мына батырдың жүз жылдығы, ана батырдың мың жылдығы деп жүретін.
Қара халық сол қара халық болып қалды.
Қазір дәл сол уақыт. Билік өз тарапынан халықты экономикалық, саяси жолдарда дамытудың орынына,
мына батырдың жүз жылдығы, ана ақынның мың жылдығы деп тағы жүр.
2023 жылға Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын мерекелеу аясында іс-шаралар өткізу үшін 183 863 450 теңге бөлінді.
Осы қаражатты, экономистер мен заңгерлерге беріп, халықты ағарту жолына түсіруге болады ғой!,
Болады,
бірақ авторитарлы билікке көзі ашық, санасы ояу, білімді халық қажет емес.