VIIІ шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы аяқталды.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттардың каникулы басталғанын мәлімдеді.
- Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды.
- Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан астам мәселе қаралды.
- Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды.
Келесі аптада депутаттар өңірлерді аралауға аттанады.