Бразилия астанасы Бразилиа қаласында 8 қаңтарда үлкен тәртіпсіздіктер басталды. Бұрынғы президент Жаир Болсонарудың жақтастары қазан айындағы президенттік сайлауға және қазіргі президент Луис Инасио Лула да Силваға қарсы шықты. Сары-жасыл киім киген адамдар үкіметтік ғимараттарға: Ұлттық конгресс, Жоғарғы Сот және Мемлекет басшысының жұмыс орны — Планалту сарайына шабуыл жасады. Ғимараттарда әйнектер шағылып, жиһаздар сынды, тонау басталды. Демалыс күні ғимарат бос болғандықтан күзетшілер қарсы тұра алмады. Наразылық білдірушілер полициямен қақтығысқа түсті.
Полиция қызметкерлері бұрыш газы мен жарық гранаталарын қолданды және армияның қолдауымен басып алынған ғимараттарды бақылауға алды. Полиция мәліметтері бойынша 300 адам ұсталды, аймақ губернаторының мәліметі бойынша — 400-ден астам адам деп жазады CNN Brasil. Алдын ала бағалаулар бойынша наразылықтарға 5 мыңға жуық адам қатысты.
Тәртіпсіздіктер кезінде президент да Силва жұмыс сапарында болды, бірақ астанаға оралып, қалада ТЖ режимін жариялады. Бразилияның Жоғарғы соты Федералды округтің губернаторы Ибанейса Рочуды қызметінен босатты, деп хабарлайды CNN Brasil.
Бұрынғы президент Болсонару «тонау мен қоғамдық ғимараттарға кіруді» айыптады.