Павлодарда белгісіз адам мектепте баллоннан сұйықтық шашып, 15 бала зардап шекті

Павлодардың №33 орта мектебінде болған оқыс оқиға туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

23 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында Ленин кентінде Макаренко көшесі, 14 мекенжайындағы №33 орта мектепте белгісіз біреу 2-қабаттың дәлізіне баллоннан бұрышты сұйықтық шашқан,

деді басқарма басшысының орынбасары Тілекжан Галлямов.

Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, алты полиция қызметкері және Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері жұмыс істеді. Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды. 15 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта балалар ауруханадан шығарылған.

Ауыр жағдайда түскен балалар болған жоқ, оқушыларды педиатрлар қарап шықты. Екі балаға орташа ауырлықтағы улану диагнозы белгіленіп, ауруханаға жатқызу ұсынылды, ем тағайындалды, система қойылды. Дегенмен, жағдайлары жақсы болған соң ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартты,

дейді басқармадан.

Кейбір балаларда жеңіл дәрежеде улану белгілері байқалса, енді бірінде ешқандай белгілер болмаған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

22 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

22 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

23 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago