Ресей, Қытай және жасыл энергия – АҚШ экономикасының басты проблемалары. 23 қыркүйек

Шетелдік БАҚ не деп жазады?

Әлемдік орталық банктер мөлшерлемелерді көтереді

The Wall Street Journal мәлімдеуінше, әлемдік банктер Федералдық резервтік жүйеден (FRS) кейін бір уақытта базалық мөлшерлемелерін көтерді. Басым бөлігі күтілген маржадан жоғары көтерген. Аталмыш шаралар шарықтап кеткен доллар мен инфляцияның салдарымен күресу үшін жасалып отыр.

Алайда, Орталық банктердің мұндай саясаты әлі жемісін берген жоқ. Мысалы, базалық мөлшерлемені жетінші рет көтерген Ұлыбритания экономикалық дилеммаға тап болды. Реттеуші нарықтардың қарсылығына тап болып, үкімет сенімін жоғалтып отыр.

Шын мәнінде фискалдық қолдау туралы уәде, ағымдағы шоттың тапшылығы және тез жақындап келе жатқан рецессия шетелдік инвесторлардың күмәнін тудырды. Сол себептен ірі бизнес елден қашуға мәжбүр.  

Микрофонмен болған масқара

Bloomberg жаһандық форумда орын алған қызықты оқиғамен бөлісті. Оңтүстік Корея экономикасында электромобильдерге арналған бөлшектерді шығару басты бағыттың бірі. Енді олар АҚШ үкіметінің экокөліктерге қатысты шараларын өзгертуге тырысуда. Мәселе мында. АҚШ халқы үшін электромобиль сатып алуға берілетін жеңілдетілген несиелер енді болмайды.  

Оңтүстік Корея көшбасшысы Юн Сок Ёл жаһандық форумда президент Джо Байденмен кездесті. Кездесуде субсидияларды қайтару туралы келіссөздер жүргізуге тырысқан ол американдық заң шығарушылардың намысын таптап, шектен шығыпты.

Ол кездесу бөлмесінен шығып бара жатқанда, Сыртқы істер министрі Пак Джинге былай деді: «Конкрессте осындай ақымақтар отырғанда Байденге оңай емес». Ал камералардың бірінде микрофон қосулы қалып, форум тікелей эфирден көрсетіліп жатқан екен.

Арамы әділет пен қауіпсіздік

The Guardian газетінің хабарлауынша, Коммунистік партияның маңызды съезі қарсаңында Си Цзиньпин мемлекеттік қызметті арамытамақтардан тазартуын жалғастырып жатыр.

Бұрынғы Әділет министрі Фу Чжэнхуа пара алғаны үшін және бірнеше атышулы сыбайлас жемқорлық топтарын басқарғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

67 жастағы Фу шартты түрде өлім жазасына кесілді, ол екі жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінсіз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.

Фу Әділет министрі болғанға дейін Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі басшысының орынбасары болған. Көптеген жоғары профильді тергеулер мен қудалауларды басқарды, оның ішінде он жыл бұрын бұрынғы қауіпсіздік басшысы және ең беделді шенеунік Чжоу Юнканға қатысты тергеу жүргізген. Фу Сун Лицзюньдің «саяси бандасының» бір бөлігі болып, қауіпсіздік аппаратындағы ең беделді шенеуніктердің бірі болды. Оған президент Си Цзиньпиннің билігін мойындамады деген айып тағылған еді.

Қаржы министрлігі экономиканы қалпына келтірудің үш факторын атады

Fox news

АҚШ-тың Қаржы министрі Джанет Йеллен экономиканы қалпына келтірудің жолдарын атады. Ол жеткізу тізбегін қалпына келтіру, жасыл энергия мен Украинадағы соғыстың аяқталуы.

Тәуекел жоқ емес. Ресейдің Украинаға басып кіруі әлі аяқталған жоқ. Путин мұнай мен газды қаруға айналдырды. Біз көмірсутектерді жеткізе алмай әлі қиналып отырмыз,

деді Йеллен.

Таза энергия болашағын құруда Йеллен отандық жартылай өткізгіштер өндірісіне сенімді нығайта түсетін екі жақты CHIPS заңына қарамастан Бейжің кедергі болып қала береді дейді.

Сирек кездесетін жер, күн батареялары, аккумуляторлар, электр батареяларының құрамдас бөліктеріне келгенде біз Қытайға тәуелдіміз,

деді Йеллен.

Қаржы және пандемия

The New York Times пандемияға қатысты жаңа қаржылық тергеулерді жариялады.

Тергеу қорытындысына сәйкес, 45,6 миллиард доллар пандемияға байланысты жұмыссыз қалғандарға төленген. Алайда олардың жәрдемақы алуға құқығы жоқ болып шықты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

20 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

21 час ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

21 час ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago