Павлодардағы Мұхтар Әуезов атындағы мектепте оқушы түскі астан құрт тапты. Оқу орны жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқушы түсірген суретте түскі астан құрт көрінеді. Баланың анасы тексеруді талап етті. Жағдайға оқу орнының әкімшілігі жауап берді.
Бүгін ботқадан тірі жеміс құрты табылды. Ботқа дайындалған дайын өнім мен жарманы әкімшілік, оқушылардың өзін-өзі басқару комитеті және ата-аналар қауымының өкілі жедел тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша ботқа дайындалған жарманың жаңа екендігі анықталды. Пісірілген ботқа да жаңа піскен. Бүгін мектеп асханасында алма сатылған болатын,
деп хабарлады мектеп әкімшілігі.