Қыз жансақтау бөлімінде жатыр.
22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар қаласының полициясына «қыз биіктен құлады» деген шақыру түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы 2007 жылы туған қыз баланың Н.Назарбаев даңғылы 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлағанын анықтады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабының 3-бөлімі бойынша соталды тергеу басталды»,
делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, оған ауыр жабық бассүйек-ми жарақаты, бастағы қанталау, омыртқаның зақымдануы мен денесінің көптеген бөлігінде сынықтар бар деген диагноз қойылды. Қыз бала комада, ол екінші дәрежелі травматикалық шок алған.