Пентагон Украинаға 1,1 млрд долларлық әскери көмек жариялады

Кезекті көмектің пакетіне 18 HIMARS зымыран жүйесі мен 150 бронды көлік кіреді.

Неге көп HIMARS бермек?

Себебі Ресей 300 мыңға жуық адамды мобилизацияламақ. Демек әскери қойма мен әскери штаб саны артады. Оларды әр бағытта жою үшін көбірек зымыран кешені керек. Айтарлықтай көп әскери қойманы жою арқылы Украина әскері Ресейдің мобилизацияланған әскерінде қару тапшылығын, әсіресе артиллерия снарядының тапшылығын жасай алады.

АҚШ табыстайтын 150 бронды көліктер Хамвилер болса керек. Харьков облысын азат ету операциясында жылдам қозғалатын бронды көліктер басты рөл ойнады десек те болады. Үлкен калибрлі пулемет орнатылған көліктер жау шебіне жылдам жақындап, артиллерияға соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Дәл осы тактиканы қолдану арқылы тағы бір бағытта қарсы шабуыл жасалатындай көрінеді.

Ресейдің Украинаға толық басып кіруінен бастап, америкалық тарап 16,2 миллиард долларға көмек көрсетті.

Ал Пентагон өкілі Ресей 300 мың адамды жұмылдыра алатынына сенбейді. Мобилизация жарияланған күні Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу осынша адамды жұмылдыратынын айтқан. Алайда бұған қатысты жарияланған құжат жоқ. Кейбір тәуелсіз БАҚ айтуы бойынша бұл көрсеткіш 1,2 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Politico тілшісі Лара Зелигманның айтуынша, шақырылғандардың аз бөлігі ғана ұрыс аймағына келді. Ресей майданға қосымша күш жіберіп жатыр, бірақ қосымша техникалық жабдықтар жеткізіліп жатқан жоқ. Бірақ Украинаның маңызды азаматтық инфрақұрылымына ресейлік соққылардың қарқыны артып келеді.

Бұл ретте Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік мобилизацияға қатысқандарға қатысты үндеу жасады:

Тек орысша түсінетіндер үшін тағы қайталаймын. Елден кетіңіздер, я бізге беріліңіздер. Егер өмір сүргілеріңіз келсе, өз еркіндіктеріңіз үшін күресіңіздер. Сіздер не үшін күресіп жүргендеріңізді білмейсіздер. Біздің жерімізге, жанымызға, мәдениетімізге қарсы келмеңіздер!

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago