1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтар үшін Петропавлға бару ақылы болуы мүмкін.
Қалада туристер саны 204,3 пайызға артқан. Яғни, Петропавлға келуші туристерден келу құнының бес пайызын алу мүмкіндігі туды деген сөз.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы «Шетелдіктер үшін туристік алымдарды төлеу қағидаларын бекіту туралы» №787 қаулысының 8-тармағына сәйкес келу құнының бес пайызы мөлшерінде туристік салық ставкасын қолдануға мүмкіндік береді,
делінген құжатта.
Қазір жоба талқылану үстінде. Ол 17 желтоқсанға дейін жалғасады. Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, жобаның қабылдануы шетелдіктердің туристік алым төлеуі есебінен бюджетті толықтыруға себеп болады. Жобаны жүзеге асыруға байланысты қаржылық шығындар қарастырылмаған.