Желіде соңғы күндері Шакираның бұрынғы күйеуі Пике мен оның жаңа серігін мазақ ететін жаңа әнін талқылап жатыр. Жерар да қарап тұрмай, бұрынғы сүйіктісінің шабуылдарына жауап беруде.
Бірнеше күн бұрын колумбиялық поп-жұлдыз испандық футболшы мен оның сүйіктісін қорлайтын трек шығарды.
Мысалы, Шакира «22 жастағы екеуін алмастыра алатынын» айтады және оның сүйіктісі «Rolex-ті Casio-ға және Ferrari-ді Renault Twingo-ға ауыстырды» деп, люкс және бюджеттік брендтер арасындағы айырмашылықты меңзеген.
Алдымен Жерар сағат туралы айтылған шумақтарды «ойнатты». Футболшы Испания медиа лигасының стриміне келіп жұртшылыққа:
«Біз Casio-мен Кингс лигасына демеушілік жасау бойынша келісімге келдік. Casio – тамаша сағат, өмір бойына қызмет етеді» дейді күліп.
Бұрынғы футболшы мұнымен тоқтаған жоқ – ол медиа лиганың кезекті матчына Renault Twingo-мен келді. Пикенің түрінен ол өз «жауабына» риза екенін байқауға болады.
Пике мен Шакира 2011 жылдан бері қарым-қатынаста болды, ерлі-зайыптылардың екі баласы бар: ұлдар Милан және Саша. 2022 жылдың маусымында Шакира айырылысатындарын мәлімдеді. БАҚ-тың мәліметінше, ажырасуға спортшының Шакираның көзіне шөп салуы себеп болған.
Өткен жылдың қарашасында испандық футболшы Пикенің жаңа серігі Клара Чиа Морти Шакираның жанкүйерлерінен түсіп жатқан қоқан-лоққыдан психологиялық денсаулығының нашарлағаны белгілі болды.