Халықты шулатып жүріп, ақыры өзін «Пинта» мейрамхана желілерінің иесімін деп таныстырған азамат болған жағдайды түсіндіруге батыл қадам жасапты. Өзінің сөзін әлеуметтік желіде жариялады.
Сөзінше, қазақша әндердің басым көпшілігі тойға арнап жазылған, сондықтан мекеменің вайбына сай келмейді. Мемлекеттік тілге деген немұрайлы қарым-қатынас еместігін алға тартып, ақталуға да тырысқаны байқалады. Алматы тұрғындары жаппай наразылық білдірген соң, енді мейрамхана репертуарына қазақша әндер қосуға мәжбүр болғанын айтты.
Сондай-ақ ол халықтан кешірім сұрау мақсатында түсірілген видеосын:
біз бұл елді жақсы көреміз, бұл елде кәсібімізді әрі қарай дамыта береміз. Болған жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын! Пинта қазақша әндер шырқалмайтын жалғыз мекеме емес, ондай мекемелер жетерлік,
деген сөздермен қорытындылады.
Мейрамхананың инстаграм парақшасына кіріп қалсақ, олар болған жағдайды жоққа шығарып, БАҚ құралдары жалған мәлімет жазып отыр деп ақталыпты-мыс.
біз әрқашан қазақ тіліді әндерді қоямыз және орындауды жалғастырамыз. Интернет желісіндегі тараған жалған ақпаратқа сенбеңіздер! Бізде сыртқы және ішкі коммуникациялар бұрыннан бері қазақ және орыс тілінде жүргізіледі,
деп жазба қалдырыпты.
Оған қоса бірнеше архив видеоларын жүктепті. «Міне, қазақша әндер орындалады», дегендері болу керек. Болары болып, бояуы сіңген соң бұл әрекеттері қаншалықты орынды? Оның бағасын халық бере жатар.
Оның алдында Алматылықтардың «Пинта» барларына бойкот жариялағанын жазған едік.