Америкалық Politico басылымы Ресей президенті Владимир Путинді «жылдың ең жолы болмаған адамы» деп атады.
Владимир Путиннің ұлы Ресей туралы арманының орындалуы екіталай. Оның Путин Ресейді Кеңес Одағы кезіндегі ұлы державалық мәртебені қайтаруға қатты ұмтылды. Алайда оның шабуылы өз елін үшінші дәрежелі мәртебеге түсіріп, ол бағаламаған және менсінбейтін қарсыласын жеңе алмады,
деп жазды басылым.
Дегенмен Ресей басшысы Еуропадағы ең ықпалды 28 саясаткер қатарында қалған. Журнал рейтингісінде ол «арманшылдар» тобына енгізілген.