Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті. Онда ол жұмыскерлердің өлімі мен жарақатына әкелген кемшіліктер туралы айтты.
Сонымен бірге премьер-министр экологияға зардабын комбинаттарға да тоқталды. Оған қоса өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін айтты.
Смайылов жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етіп, оның орындалуы Үкіметтің бақылауында болатынын атап өтті.
Ал Виджай Гоял «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының өліміне әкелген жуырдағы төтенше жағдайға байланысты өкінішін білдірді. Ол түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты.