37 мың теңге: көмек алу үшін қандай құжаттар өткізу керек?

Алматы қаласы білім басқармасында аз қамтылған балаларға көмек беру тәртібі түсіндірілді. Бұл туралы Informburo.kz сайты жазды.

Алматы қаласы білім басқармасында мектеп оқушылары ата-анасы мемлекеттен материалдық көмекті қалай алатыны туралы айтылды.

Көмек «Жалпы білім беру» қорынан беріледі. Қор жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қордан мына азаматтар көмек алуға құқылы:

  • атаулы әлеуметтік көмек алатындар (АӘК);
  • АӘК алмайтын, бірақ бір мүшесіне шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар;
  • жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайдан зардап шеккендер:
  • мектептің алқалы органы белгілейтін оқушылардың басқа да санаттары.

Алғашқы екі жағдайда ата-ана немесе заңды қамқоршы көмек алу үшін eGov немесе жұмыспен қамту орталығы арқылы АӘК алуға өтініш беруі керек. Соңғы үш жағдайда көмек алуға үміткерлер растайтын құжаттар ұсынуы керек.

Жетім балалар мен қамқорлыққа алынғандар патронат немесе қорғаншылық тағайындау туралы шешім ұсынады. Басқа санаттағы студенттердің жай-күйін анықтау үшін, соның ішінде төтенше жағдайлардан зардап шеккендерден ата-ананың өтініші, көмек беру туралы өтініштер тізілімі, өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы, көмек беру жөніндегі жиналыстың хаттамасы қажет,

деп айтылды басқармада.

Көмек алушылардың тізімі оқу жылында бір рет жасалады. Көмек мынадай түрде беріледі:

  • әлеуметтік жағынан қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан, соның ішінде көп балалы отбасылардан шыққан барлық оқушыға тәулігіне бір рет тегін тамақ;
  • киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алуға біржолғы (жазда) қаражат беру.

Биыл 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталатын «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жоғарыда аталған бес санатқа жатпайтын оқушыларға демеушілер мен меценаттар тарапынан көмек беріледі. Ол үшін оқу орны бойынша білім беру ұйымына өтініш беру керек,

деп кеңес берілді департаментте.

Науқан туралы ақпаратты мына жедел желі телефондары арқылы алуға болады:

  • Алатау ауданы бойынша – 8 (700) 613 11 98;
  • Алмалы ауданы бойынша – 8 (747) 044 85 53;
  • Әуезов ауданы бойынша – 8 (702) 539 53 97;
  • Бостандық ауданы бойынша – 8 (777) 280 66 50;
  • Жетісу ауданы бойынша – 8 (747) 294 05 54;
  • Медеу ауданы бойынша – 8 (775) 919 40 00;
  • Наурызбай ауданы бойынша – 8 (708) 935 94 98;
  • Түрксіб ауданы бойынша – 8 (747) 901 38 14.

Еске салайық, бұған дейін оқушыларды мектепке дайындау үшін 37 мың теңге бөлінетіні хабарланған еді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 часа ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago