Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау сапары кезінде жол мәселесі туралы айтты.
Автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға ерекше мән береміз. Мен бұған дейін «Бейнеу-Шалқар» тасжолы құрылысының маңыздылығы жөнінде айттым. Жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Үкіметке құрылысты бастау үшін қажетті құжаттарды жедел дайындауды тапсырамын,
деді президент.
Сонымен бірге Тоқаев Маңғыстау тұрғындарынан жол мәселесіне байланысты жиі шағым түсетінін айтты.
«Үкімет әкімдікпен бірлесіп, «Ақтау – Форт-Шевченко», «Таушық-Шетпе» жолдарын жөндеуге келесі жылдан бастап кірісуі керек. Жол сапасы – әр аймақтың даму деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштің бірі.
Азаматтар дамудың нәтижесін жиналыстарда емес, күнделікті өмірде көріп, сезінуі қажет. Сондықтан экономиканың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін облыстың инвестициялық әлеуетін арттырған жөн,
деді Тоқаев.